Біз туралы

ШҚО әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы №312 қаулысына сәйкес Өскемен қаласында ересек тұрғындарға арналған Оңалту орталығы (одан әрі – Орталық) құрылды. Орталық ересектерге арналған диагностикалау, емдеу, қалпына келтіру медицинасы және медициналық оңалту міндеттерін шешетін заманауи, көпбейінді, мамандандырылған клиника болып табылады.

Орталықтың жұмысы аурулар бейіні есебімен оңалтудың арнайы курстары жүйесі бойынша ұйымдастырылған. Бұл пациенттердің кезең-кезеңімен қалпына келтіру емін алуына мүмкіндік береді.

Орталық тиімді оңалту көмегін беру үшін заманауи, халықаралық стандартқа сай жабдықтармен жабдықталған. Осының барлығы Орталыққа келген Сізге жайлылық береді.

Біздің мақсат

бұл науқастардың денсаулығын жедел және барынша толық қалпына келтіру және оларды қалыпты, белсенді өмір салтына, қоғамдық еңбекке қайтаруға бағытталған бір тұтас іс-шаралар жиынтығы.

Біздің миссия

пациенттің денсаулығына әсер ететін аралас оңалту шаралары арқылы нақты қажеттіліктері бар науқастардың өмір сапасын жақсарту.