Әкімшілік

БАС ДӘРІГЕР

Тортаев Тимур Жанарбекович

8 (7232)-742-772

Тимур Жанарбекович Семей қаласында дәрігерлер отбасында дүниеге келген. 1980 жылдан Өскемен қаласында тұрады. Орта мектепті тәмамдағаннан кейін 1992 жылы Семей Медициналық институтының «Емдік іс» мамандығына түсіп, 1998 жылы сәтті аяқтады.

Өзінің еңбек жолын 1998 жылы «Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы» көз микрохирургия бөлімшесінде хирургия-офтольмология хирургы ретінде офтольмология бойынша бірінші мамандандырудан өткен кезде бастады.

2003 жылы «Көлемді қабақ ісігі кезінде алғашқы блефаропластика» отасы патентіне авторлас болды. 2004 жылдан бастап Шығыс Қазақстан Медициналық колледжінде оқытушылық қызметімен айналысады.

2009 жылы Тимур Жанарбековичке мерзімінен бұрын жоғары дәрігерлік біліктілік санаты берілді.

2011 жылдың ақпан айынан 2012 жылдың маусым айы аралығында ШҚО ДСБ бас штаттан тыс офтольмолог лауазымында қызмет атқарды. 2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін ШҚО ДСБ амбулаторлық-поликлиникалық көмек және еңбекке қабілеттілігін жоғалту бойынша бас штаттан тыс маманының міндетін атқарады.

2013 жылдың 01.04 – 2017 жылдың 29.05 аралығында «Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК кеңес-диагностикалық көмек жөніндегі  бас дәрігердің орынбасары болды.   

2017 жылдың 30 мамырында «Шығыс Қазақстан оңалту орталығы»ШЖҚ КМК бас дәрігер болып тағайындалды.

2009 жылдан Нұротан партиясының құрамында. 2013 жылдың наурыз айынан 2017 жылдың наурыз аралығында «Шығыс дәрігері» төрағасы болды.

Бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік және емдеу ісі жөніндегі орынбасары

Бас дәрігердің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары

БАС БУХГАЛТЕР