Күндізгі стационар

Күндізгі стационар  – бұл пациенттерді тәулік бойы дәрігердің бақылауын қажет етпейтін медициналық көмектің түрі. Пациенттер күндіз келіп, қажетті  процедураларын алып үйлеріне, немесе жұмыстарына қайтады. Шығыс Қазақстан облысының оңалту орталығының күндізгі стационары пациенттердің уақытын және қаражатын үнемдейтін комплекстік қызмет.

Күндізгі стационардың артықшылығы:

Күндізгі стационарда емделу ерекше мүмкіндіктер береді: күндізгі емдеу курсын аяқтап пациенттер қалған уақыттарын үйде ұсынылған тәртіпті сақтап, дәрі-дәрмекті қабылдап, диета ұстап күндегі үйренген әлеуметтік желіде болады. ШҚО Оңалту орталығының күндізгі стационарынан емделу жұмыспен немесе сабақпен қатар жүргізуге мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық қағазы беріледі.

Күндізгі стационардың артықшылығы:

Шығыс Қазақстан облысының оңалту орталығының күндізгі стационарында емделген барлық пациенттер емдеу дәрігерінің бақылауында болады. Біздің стационардың мейіргерлері  мейіргерлік істің барлық қыр-сырларын  меңгерген білікті мамандар.    

Орталықтың күндізгі стационар бөлімшесінде  пациенттерге ыңғайлы көпфункциялы төсектер, медперсоналды шақырту батырмасы ұсынылады.

Күндізгі стационар бөлімшесі 2 бейінді науқастарға арналған:

Диагностика және емдеу ісшараларын жүргізу үшін біздің күндізгі стационар бөлімшесінде келесі мамандар кеңес өткізеді:

Біздің күндізгі стационардың негізгі артықшылығы – орталықтың барлық бөлімшелерімен сабақтастығы. Ол жеке таңдамалы оңалту процедура кешеніне мүмкіндік береді:

Емдеу кезінде динамикалық бақылау жүргізіліп пациенттер клиникадан шығар кезінде ары қарай емделуге ұсынымдар беріледі.

Біздің оңалту орталығының күндізгі стационарына  орналасу  бойынша толық ақпаратты 8(7232) 742-707, 8(7232) 742-717 телефондары арқылы біле аласыздар.  

Бөлімше меңгерушісі
Киреева Ольга Ивановна
Жоғары біліктілік санатындағы невролог-дәрігер. Жарамдылық мерзімі: 2018ж. 03.05.

Семей мемлекеттік медициналық институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтады. Емдеу дәрігері біліктілігі берілді. «Невропатология» мамандығы бойынша интернатураны үздік аяқтағаннан кейін ұзақ уақыт невролог-дәрігер лауазымында стационардың неврология бөлімшесінде жұмыс істеді. Неврологиялық науқастарды амбулаториялық және стационарлық емдеуде тәжірибесі мол. Республикада және шетелде біліктілігін арттыру курстарын өтті. Қазақстанда ( Астана қ-сы,  Алматы қ-сы,  Өскемен қ-сы), Ресейде, Австралияда өткен медициналық конгресстердің қатысушысы.