Медициналық сақтандыру қоры өз байланыс орталығын іске қоспақ - 1406.

Медициналық сақтандыру қоры өз байланыс орталығын іске қоспақ - 1406.

1 қыркүйектен бастап 1406 нөмірі бойынша медициналық көмек мәселелері бойынша кеңес алуға, өтініш немесе шағым беруге, медициналық қызметтерге баға беруге болады.

Қоңыраулар Қазақстан бойынша кез келген телефоннан тегін. Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді.

Келешекте call-орталық сақтандыру медицинасына жарналар мен аударымдар бойынша берешектің болуы жөнінде мәлімет бере бастайды.