Шығыс Қазақстан Облыстық
Оңалту Орталығы

2016 ЖЫЛДЫҢ 04 ҚАРАШАСЫНДА РЕАБИЛИТОЛОГ-ДӘРІГЕРЛЕРГЕ КЕҢЕС ӨТТІ

2016 жылдың 26 қазанындағы ОДСБ №952 бұйрығын орындау мақсатында  2016 жылдың 04 қарашасында Өскемен қаласында реабилитолог-дәрігерлерге, ЕДШ дәрігерлеріне және МТК (мультитәртіптік комиссия) өкілдеріне  облыстық ЕАМ (Емдеу алдын алу мекемелеріне) Әлеуметтік даму және денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас реабилитологы, Медицина Ғылымдарының кандидаты Г.Жанаспаеваның қатысуымен кеңес  өтті.

Аталған кеңесте 2016 жылдың 9 айына ШҚ оңалту орталығының қызметіне қорытынды шығарылды; сонымен қатар ШҚО оңалту қызметінің жай-күйі туралы,  оңалту қызмет көрсетуде облыстық ЕАМ  өзара іс-әрекеті және сабақтастығы; қалпына келтіру емі кезеңділігінің мониторнингі туралы бірқатар мәселелер қаралды.

ӘД және ДСМ бас реабилитологы Г.Жанаспаева Шығыс Қазақстан оңалту орталығының қызметіне және оңалту қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыстарына жоғары баға берді.  Жиналыста ШҚО реабилитологтар ассоциациясын құру және медициналық оңалту мен қалпына келтіру емі стандарттары туралы  мәселелер талқыланды.

Кеңес жұмысына Облыс, аудан Өскемен, Семей, Риддер қ. (Катон-Қарағай, Шемонаиха, Ұлан)ЕАМ бас дәрігерлерінің  емдеу жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, ОДСБ штаттан тыс бас мамандары, МТК ЕАМ өкілдері қатысты.