Психологиялық-логопедиялық қызмет

Психологиялық-логопедиялық қызмет  – пациенттердің бейімделуіне және әлеуметтік-психологиялық қалыпқа келтіруіне бағытталған Шығыс Қазақстан облысының оңалту орталығының бір қосалқы бөлімшесі.

Біздің орталықтың аталған қызмет мамандары инфаркт миокардадан кейінгі жүрекке және қан тамырларына отадан кейінгі, инсульттан кейінгі, нейрохирургиялық отадан кейінгі, ауыр жарақаттан кейінгі т.б. науқастармен жұмыс істейді.

Қызмет персоналдары психологтардан, логопедтерден және әлеуметтік жұмыскерден тұрады. Олар бөлімшенің басқа да мамандарымен қатар (МТК) мультитәртіптік комиссия құрамына кіреді.  Науқас оңалту орталығына түскен күннен бастап аталған қызмет мамандары олардың әлеуметтік-психологиялық қалпын анықтайды және әр пациенттің оңалуына және емделуіне жеке бағдарлама әзірлейді.

Оңалту орталығының психологиялық-логопедиялық қызметі мамандары  көмекті  стационарда емделетін науқастарға ғана емес амбулаторлы да емделетін науқастарға көрсетеді. Біздің орталықтың кеңес беру бөлімшесінің психологиялық-логопедиялық қызметінің кез келген маманынан ақылы түрде тіркеу бөліміне  жазылу арқылы немесе  тел.: 742-707,742-717 ем ала аласыз.  Қызмет пациенттің денсаулығының жақсаруына барлық жағдайды жасауға бағытталған. 

ЛОГОПЕД-МҰҒАЛІМ
Кыржибаева Светлана Калеловна
Жоғары біліктілік санаты
Жұмыс тәжірибесі — 25 жыл

1993 жылы олигофренопедагог, логопед-мұғалім мамандығы бойынша Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің дефектология факультетін аяқтады.  

Еңбек қызметі: логопед-мұғалім, дефектолог-мұғалім, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ психология және коррекциялық педагогика кафедрасының оқытушысы, Қалалық білім бөлімінің инклюзивті білім беру әдіскері.  Дамуында әртүрлі ауытқушылықтары бар балаларға түзету жұмыстарын ұйымдастыру бойынша тәжірибесі бар, балалардың психофизикалық дамуының бұзылуына дифференциалды диагностика жүргізу тәжірибесі, ересектермен балалардың сөйлеуінің бұзылуын түзету бойынша жұмыс тәжірибесі.  Әртүрлі жоба және бағдарламаны жүзеге асыру және ұйымдастыру мәселелеріне арналған облыстық, респубикалық және халықаралық семинар, конференциялардың қатысушысы болып табылады.  

Өткен біліктілік курстары:

2014ж. - «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтендіру факторы ретінде жалпы білім беретін мектепте "Кедергісіз орта" қалыптастыру».Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын респубикалық институт Алматы қ-сы,  «Өрлеу»біліктіікті арттыру орталығы АҚ

2015ж. -  «Ерекше мұқтаждықтары бар балаларды қалыпты ортаға шоғырландыру» атты халықаралық курс  Ынтымақтастық және даму орталығы Израиль.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСКЕР
Рыспаев Алиби Тимурович

С.Аманжолов атындағы университетін «Әлеуметтік отбасылық педагог» мамандандануымен  Психологиялық-педагогикалық факультет базасында  «Әлеуметтік қызметкер» мамандығын аяқтады.  «Үлбі» ҚМК  «Отбасы және балалық шақты қорғау орталығында» қызмет атқарған. 

Логопед
Базашева Сауле Асылкановна

Базашева Сауле Асылкановна Семей қаласының  Қазақ гуманиарлық  заң инновациялық  университетін (Педагогика және психология мамандығы бойынша) тәмамдады. 

  • Х. Кафтанжиевтің  «Тиімді коммуникация» атты семинарына қатысты.
  • «Өзін өзі тану» пәнін оқыту барысында инновациялық технологияларды қолдану» оқыту курсы 
  • «Медициналық мекемелерде практикалық психологияның өзекті мәселелері» бағдарлама бойынша курс
  • 2019 «Дефектология (Логопедия)» - Қазан ( Приволжский) федералды университетін аяқтады
Психолог
Осипова Татьяна Валерьевна

2002-Шығыс мемлекеттік институтын аяқтады

2018 – Алтай мемлекеттік университеті аспирантура

Өткен біліктілік курстары:

"Саногенді ойлаудың психокоррекциялық әдіс-тренингі" (Шатур серіктестігі)

"Адам құқықтары жөніндегі мектеп" (Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро)

Мүмкіндігі шектеулі және қарт адамдарға қызмет көрсету бойынша үлкен тәжірибесі бар.