Шығыс Қазақстан Облыстық
Оңалту Орталығы

Магнитотерапия

Магнитотерапия - адам ағзасына  тұрақты немесе ауыспалы төмен жиіліктегі магниттік  алаңның  әсер ету әдісі.  Магнитті алаңмен әсер ету асқынуға қарсы тұру, ісікті болдырмау, седативті және ауырсынуды басу арқылы әсер етеді. Төмен жиіліктегі магнитті алаңдардың әсерінен микроайналым жақсарады, тіндердегі регенеративті және репаративті үдерістері қалыпқа келеді. Магниттік алаңмен әсер ету  асқынған ошаққа бактерияға қарсы препараттардың енуін жақсартып, емдеудің тиімділігін жоғарылатады.