Шығыс Қазақстан Облыстық
Оңалту Орталығы

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасындағы соңғы өзгерістер бойынша хабардар ету

2024 жылғы 22 ақпанда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің аға офицері Г.А. Бекбаева ШҚО ДСБ "Шығыс Қазақстан облысының оңалту орталығы"ШЖҚ КМК қызметкерлері үшін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасындағы соңғы өзгерістер бойынша ақпарат жүргізді.

Іс-шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы хабарламаны көтермелеу шараларымен танысты,сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамадағы новеллалар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "Call-орталығы 1424" түсіндірілді, ол бойынша азаматтарға тегін ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетіледі.