Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК)
15 желтоқсан 2009 жылғы № 2136 «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысының негізінде ШҚО ДСБ «Шығыс Қазақстан облыстық оңалту орталығы» ШЖҚ КМК –де көрсетілетін тегінмедициналықкөмектіңкепілдікберілгенкөлемінің (ТМККК) тізімі
Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (ары қарай- ТМККК) Қазақстан Республикасы азаматтарына және оралмандарға бюджеттік қаражат есебінен беріледі және оның ішіне неғұрлым тиімділік сипатына ие профилактикалық, диагностикалық және медициналық қызмет түрлері кіреді.
1. ТМККК кіреді:
- Амбулаторлық-емханалық көмек–кеңестік-диагностикалық көмек (ары қарай- КДК) алғашқы медико-санитарлық маманның және сала бойынша мамандардың жолдауы бойынша;
- Денсаулық сақтау саласында өкілетті органмен белгіленген жоспарланған көлемдер аясында ПМСП маманы немесе жоспарланған көлемдер аясында сала бойынша мамандардың жолдауымен стационралық медициналық көмек;
- мамандары немесе сала бойынша мамандардың жолдамасы бойынша стационарды ауыстыру медициналық көмегі көрсетіледі;
- Қалпына келтіру емі және оңалту.
2.Емдеу қызметіне кіреді:
- Медициналық көрсеткіштер бойынша ;
- Өкілетті органмен бекітілген медициналық қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына (ары қарай-Стандарт) сәйкес жалғастырылған медициналдық оңалту;
- Ағымдағы жылға емдеу-профилактикалық мекемесінің жетекшісімен бекітілген өмірлік қажетті емдік дәрі-дәрмектер тізімі негізіндегі дәрі-дәрмектік формуляторлары аясында медициналық көрсеткіштер бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
- Денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес зертханалық зерттеулер;
- Емдік тамақтану.