Пациенттерге келу тәртібі
Келушілерге
Біздің емдеу мекемемізде анықталып бекітілген өз аурухана ішілік тәртіп бар. Емдеу-қорғау тәртіптемесінің басты шартының бірі науқастың психикасын қорғау, яғни науқастың психикалық және физикалық тыныштығына қолайлы жағдайлар жасау.
Науқастарға келу тәртібі:
16.00 ден 18.30-ға дейін — науқастарға келу
14.00-ден 16.00-ға дейін — тынығу сағаты
11.00-ден 12.00-ге дейін — жан сақтау және интенсивті терапия бөлімінің емдеу дәрігерімен кеңес
10.00-ден 12.00-ге дейін — емдеу дәрігерімен және басқа бөлім меңгерушілерімен кеңес
Төсек тартып жатқан науқастарға келушілерге талап:
1. Ауыстыратын аяқкиімнің болуы;
2. гардеробта берілген аурухана жамылғысын кию ;
3. тазалықпен тәртіпті сақтау;
4. Ауруханалық жиһазға ұқыптылықпен қарау;
5.Науқастың төсек орнына отырмау;
6. Қатты сөйлемеу;
7. Науқасқа келу уақыты 20 минуттан аспауы тиіс.