МТК (Мультитәртіптік комиссия)
Қазақстан Республикасының тұрғындарына медициналық оңалту көрсету туралы мекеменің стандартына сәйкес
Оңалту орталығына түскен пациент МТК (мультитәртіптік комиссия) маманымен қаралады.
МТК – бұл медициналық оңалту бойынша дайындықтары бар және кешенді оңалту ісшараларын көрсете алатын әртүрлі мамандар тобы.
- Дәрігер-координатор (невролог, кардиолог, терапевт) – мультитәртіптік команданың іс-әрекетін үйлестіреді.
- Реабилитолог-дәрігер (физикалық терапевт) – пациенттің жағдайына қарай жеке әдіс-тәсілдер таңдап, қозғалыс функцияларының қалпына келуіне жауап береді.
- Эрготерапевт – өмірдің әлеуметтік-тұрмыстық компоненентін қалпына келтіреді (киіну, жеке гигиена, тағам дайындау, хобби).
- Психолог/логопед – психотерапиялық түзету, жоғары психикалық функцияларды қалпына келтіру, сөйлеу қызметімен жұтыну функцияларын қалпына келтіреді.
- Маман – емдік мәдениет нұсқаушысы. Пациентепен жеке жаттығулар жүргізеді.
- Мейіргер – дәрі-дәрмек қабылдауды қадағалайды, науқастарды процедураға алып барады және оларға қарайды.
- Әлеуметтік қызметкер- арнайы әлеуметік қызмет көрсетеді, арнайы әлеуметтік қызметтің қажеттілігін анықтайды және бағалауды жүзеге асырады.
Оңалту диагнозына байланысты әр пациентке оңалту мақсаты қойылады және жеке оңалту бағдарламасы құрылады.
МТК өз жұмысында жүргізілген ісшаралардың тиімділігін және оңалту әлеуетін, биоәлеуметтік функциялардың бұзылу дәрежесін дұрыс бағалауға мүмкіндік туғызатын халықаралық критерийлерді (индекстер, тестілер, шкаалар)басшылыққа алады.