Емдеуге жатқызу мерзімі және тәртібі
Емдеуге жатқызу мерзімі және тәртібі
Стационарда емдеуге жатқызу келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
- Бейінді бөлімшеден шығару қағазымен оңалтуға жолдамасы бойынша;
- Науқастардың өздігінен жүгінуі;
Жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде өзімен бірге келесі құжаттар болуы тиіс:
- Емхана дәрігерінен жолдама;
- Оңалтуға бейінді бөлімшеден жолдама
- Емдеуге жатқызуды ұзартқан жағдайда жалпы клиникалық, биохимиялық, инструменталды зерттеулердің нәтижесі;
Анықтаманың және талдау нәтижесінің мерзімі – 10 күн
Науқастарды қабылдау
Стационарға жоспарлы науқастарды қабылдау: 8.00-ден 12.00-ге дейін, сенбі, жексенбі күндерінен басқа күндері.
Стационарға науқас жатқызылған жағдайда қабылдау бөлімінің дәрігері эпидемиологиялық ортасы туралы мәліметтерді анықтауы қажет.
Науқасты емдеуге жатқызған жағдайда смтационар науқасының медициналық картасы жасалады.
Санитарлық өңдеудің қажеттілігі туралы мәселені кезекші дәрігер шешеді. Науқастың санитарлық өңдеуін аурухана қабылдау бөлімінің кіші немесе орта медициналық персоналы бекітілген тәртіп бойынша жүргізеді.
Науқасты емдеуге жатқызған кезде қабылдау бөлімінің кезекші персоналы оған ілтипат танытып, оның денсаулық жағдайын есепке ала отырып оны тасымалдауға және пациентті сәйкес бөлімшесіне жеке мейіргерге табыстау.
Орта медициналық персонал науқасты және / немесе оның туыстарын ішкі тәртіппен таныстыру, қол қойдыру. Шылым шегуге тыйым салынғаны және спирттік ішімдіктерді ауруханада немесе аурухана аймағында ішуге тыйым салынатынына ерекше мән беру. Сонымен қатар, бөлімшеден емдеу дәрігерінің рұқсатынсыз өз еркімен кетуге болмайды.
Пациент осы тармақты бұзған жағдайда жауапкершілік өзіне жүктеледі.
Пациент емделуге жатудан бас тартқан жағдайда, кезекші дәрігер науқасқа қажетті көмек көрсетіп, науқастарды қабылдау және емдеуге жатудан бас тартуды толтыру журналына науқастың денсаулығы, емделуге жатудан бас тартуы және қолданылған шаралар туралы жазба жасайды.