Кардиологиялық
Біздің орталықтың кардиология бөлімшесі инфаркт миокардтан және жүрекке шұғыл араласудан кейінгі толық дене, психологиялық және медициналық оңалтумен айналысады.
Кардиологиялық оңалтудың мақсаты:
- жүрек немесе қан айналым жүйесі бұзылған кезде және (немесе) функцияларын жоғалтқан кезде толық немесе жартылай ішінара қалпына келтіру;
- қан айналым жүйесінің немесе жүрек қызметінің бұзылуын түзету алдын алу және ерте диагностика жүргізу;
- мүгедектіктің алдын алу және мүгедек болып қалудың дәрежесін түсіру;
- өмір сапасын жақсарту;
- пациенттің жұмысқа қабілеттілігін сақтау;
- пациенттің қоғамдағы әлеуметтік интеграциясы.
Құндылықтары:
- Пациенттерге деген жоғары кәсіби және ізгілікті қатынас;
- медицина саласындағы ғылыми дәлелдерде негізделген емдеу мен оңалтудың жаңа әдістерін енгізу;
- Клиниканың тиімді тұрақты дамуын жүзеге асыруын қамтамасыз ету үшін көшбасшылық пен тәлімгерлікті қолдау;
- Ұлт саулығының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпал ететін әрбір қызметкердің кәсіби және жеке жоғарулауы;
- Қызметкерлердің шығармашылық дамуы мен әлеуметтік қорғауын қамтамасыз ететін корпоративтік мәдениет және әдеп негізінде ұжымдағы әлеуметтік- психологиялық ахуал;
- Қоғамдық денсаулықты сақтау мәселелері бойынша серіктестермен сенімдік және коллегиалдық қарым-қатынастар;
- Клиника базасында заманауи технологиялар мен медициналық жабдықтарды енгізумен инновацияларға ұмтылу.
Кардиологиялық оңалтудың негізгі көрінісі:
- науқас туындаған жағдаятты түсіну керек;
- пациент денсаулықты қалпына келтіру үшін ненің қажет екенін білуі тиіс;
- пациенттің дереу физиологиялық белсенділігі (емдік денешынықтыру);
- пациенттің салауатты өмір салты.
Дене белсенділігі:
Дене белсенділігі –кардиологиялық науқастарды оңалтуда ерекше орын алады. Ол төсек режиміңде қол мен саусақтардың қарапайым қозғалысынан басталады. Бірте-бірте жүктеме қарқындайды, арнайы тренажерде сабақ алынады және арнайы жүру қосылады. Әр науқасқа кардиологиялық оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленеді, ол өзінің шектелген дене белсенділігімен қатар
- физиопроцедураларды;
- массажды;
- арнайы тамақтану бағдарламасын әзірлеу және құрауды қосады.
Орталық мамандарының көмегімен(дәрігер-координатор кардиолог, реабилитолог, физиотерапевт, диетолог, сонымен қатар психолог және әлеуметтік дәрігер) науқастар өздерінің денсаулықтарын жақсарта алады және инфаркт миокарданың, басқа да аурулардың қайталанбауына мүмкіндік туады.
1993 жылы Караганды медициналық университетінде «дәрігерлік іс» мамандығын емдеу-дәрігері біліктілігін алып аяқтады. Интернатураны «терапия» мамандығы бойынша өткеннен кейін Шығыс Қазақстан обблысының облыстық ауруханасында жіті коранарлы синдром бөлімшесі МСБ-2 шұғыл кардиология стационарында кардиолог-дәрігер лауазымын атқарды. І категориялы кардиолог-дәрігер. Замануи кардиология бойынша жүйелі түрде өзінің кәсіби деңгейін көтеріп отырады. Ғылыми-практикалық конференцияларға және халықаралық деңгейдегі облыстық, республикалық семинарларға, ҚР терапевтерімен кардиолгтардың съезіне белсенді қатысады. Біліктілікті көтеру бойынша келесі курстардан өтті:
- «Кардиологияның таңдаулы сұрақтары» курсы бойынша біліктілікті арттыру
- «Кардиология әдіс-тәсілдері» курсы бойынша біліктілікті арттыру
- «Госпитальдық кезеңге ЖКС науқастарын енгізу» курсы бойынша біліктілікті арттыру
- «Кардиологияның белсенді мәселелері» курсы бойынша біліктілікті арттыру
- Кардиохирургиялық науқастарды оңалту тақырыбында жұмыс орнында тағылымдама. 2016 ж. қараша Астана қаласы, ҒҰКО
1997 жылы Алматы медициналық университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтады. Емдеу-дәрігері біліктілігі берілді. «Кардиолог» мамандығы бойынша интернатураны үздік аяқтаған соң шұғыл кардиология стационарында кардиолог-дәрігер лауазымында ұзақ уақыт жұмыс істеді. 2015 жылы кардиолог мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатын алды. Заманауи кардиология саласы бойынша өзінің кәсіби білімін жүйелі түрде көтеріп отырады. Кардиологиялық бейін науқастарын дәрі-дәрмекпен емдеу жолдарын, диагностиканың заманауи тәсілдерін жетік меңгерген. Замануи кардиология бойынша жүйелі түрде өзінің кәсіби деңгейін көтеріп отырады. Ғылыми-практикалық конференцияларға және халықаралық деңгейдегі облыстық, республикалық семинарларға, ҚР терапевтерімен кардиолгтардың съезіне белсенді қатысады. 2015 жылы «ІІ Республикалық жетекші дәрігерлер»конгресінің белсенді қатысушысы атанды. 2015 ж. Терапевтердің Еуразиялық съезінде, 2014ж. Алматы, VI Қазақстан кардиологтарының съезі.
Біліктілікті көтеру бойынша келесі курстардан өтті:
- «Кардиологияның өзекті мәселелері» курсы бойынша біліктілікті арттыру
- «Клиникалық аритмология» курсы бойынша біліктілікті арттыру
- Кардиологияның заманауи аспектілері» курсы бойынша біліктілікті арттыру.
- Реабилитология бойынша халықаралық шеберлік-сынып.
2017ж. 30.01-2017ж. 19.05 аралығында ШҚО «Астана Оқу-клиникалық» филиалында Функционалды диагностика мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті.
2013 – Мемлекеттік медициналық университетін (Жалпы медицина) аяқтады.
2015 – «Терапия» мамандығы бойынша интернатура
2017 – "Кардиология" мамандығы бойынша бастапқы мамандану
Кардиология ( ересектер, балалар) оның ішінде интервециялық.
"Ағза- резиденттік энцефалопатия аясында вегетативті дисфункциялар және оларды түзету" және "дене жүктемелерімен корреляциядағы көңіл-күй, белсенділік, көңіл-күйдің дисфункциясы мәселелері"атты ғылыми еңбектері бар.
Өскемен медициналық училищесін 1989 ж бітірген.
1989 жылдан бастап 2015 жылға дейін 2 қалалық ауруханада медбике болып жұмыс істеді.
2016 жылдан бастап ОО-да, кардиология бөлімшесінде, палаталық мейіргері болып жұмыс істей бастады.
2017 жылдан бастап функционалдық диагностика кабинетінде жұмыс істейді.
2020 жылдан бастап кардиология бөлімшесінің аға мейіргері
- Таңдалған кардиология сұрақтары
- Клиникалық ЭКГ және функционалды диагностика әдістері