Супервизия – мамандарымыздың кәсіби дамуының маңызды кезеңі

Бүгін орталығымызда психологтар, логопедтер және әлеуметтік қызметкерлердің қатысуымен супервизиялық кездесу өтті. Мамандар командасы бірлесіп күрделі клиникалық жағдайларды талдап, қолданылып жүрген әдістемелердің тиімділігін талқылады және әрбір қызмет алушының оңалту үдерісінің алдағы тактикасын айқындады.

Мұндай жұмыс форматы:
* стандарттан тыс жағдайларда оңтайлы шешім табуға;
* түрлі бағыттағы мамандардың тәжірибесін біріктіруге;
* әрбір қызмет алушыға жеке әрі барынша тиімді оңалту жоспарын құруға;
* көрсетілетін көмектің сапасын үнемі арттыруға мүмкіндік береді.

Командалық жұмыс – табысты оңалтудың кепілі!