Шығыс Қазақстан Облыстық
Оңалту Орталығы

2016 ЖЫЛДЫҢ 20 ҚАЗАНЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ

20 қазан күні ШҚО оңалту орталығының 3 қабаты холында «Инсульт алған пациенттердің туыстарына психологиялық көмек» атты кезекті Денсаулық мектебінің сабағы өтті. Сабақты психологиялық-логопедиялық қызмет бөлімшесінің меңгерушісі, психолог Даумова Динара Болатовна жүргізді.

Динара Болатовна инсульттан кейінгі науқастардың психикасында қандай өзгерістер болатыны жайлы және сондай немесе басқа да жағдаяттарда өздерін қалай ұстайтындары және де  туыстары  өздерін қалай ұстау керек екендігі туралы айтты.

Сабақта пациенттердің жақындарының рухани және психологиялық көңіл-күйіне, инсульттан кейінгі алғашқы күйзеліспен, үй жағдайында науқасқа қарауды қалай дұрыс  ұйымдастыру керек, егер пациенттің сөйлеуі бұзылса өзін қалай ұстау керек, көңіл-күйі жиі өзгеріп депрессияға шалдығатын болса өздерін қалай ұстау керектігіне  ерекше көңіл бөлінді.

Психолог пациенттердің туыстарына клиникадан шыққаннан кейін үйде қандай қиындықтар туындайтыны туралы толық жазылған жадынаманы таратып берді. 

Сабақ аяғында Динара Болатовна қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп, психологиялық оңалтуға мұқтаж жандарға өзінің жеке психологиялық көмегін ұсынды.