ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ РЕЛАКСАЦИЯ ЖӘНЕ ПСИХОКОРРЕКЦИЯ КАБИНЕТІ
2017 жылдың 16 қаңтарында Оңалту орталығында салтанатты түрде психологиялық релаксация және психокоррекция кабинеті ашылды.
Орталықтың бас дәрігері Ж.Сагидуллина аталған кабинеттің пациенттерді оңалтуда оң нәтиже беретінін атап өтті.
Бүгінгі таңда кабинет пациенттерді оңалтуға және сауықтыруға қажетті барлық керекті заттармен жабдықталған. Орталық психологтары психокоррекциялық бағыттағы арт-терапия, сенсорлы бөлмеде релаксация, аутотренинг және когнитивті гимнастика сияқты сабақтар жүргізеді.
Қалпына келтіру кезеңінде пациент үшін күрделі сынау кезінде психологиялық көңіл-күй, сауығып кетуге арналған жалпы тренигтер өте маңызды, қоғамда пациенттің ары қарайғы интеграциясын және аурудың салдарынан туындаған қиындықтарға төзе алу сияқты көмекті аталған орталықтың мамандары көрсетеді.