Пациенттердің бөлімшеде болу ережесі
-
Палатаны жабдықтау
-
Жеке төсек (рычагтың көмегімен төсек үстелін орнату және оның қалыбын реттеу мүмкіндігі бар )
-
Төсек жанындағы тумбочка;
-
Дәретхана және себезгі бөлмесі
-
Мүмкіндігі шектеулі пациенттердің жүруіне және ауыр жағдайдағы науқастар үшін кезекші медбикені шақыруға арналған дыбыс дабылы ретіндегі жекелей түймешіктер бар.
-
Тоңазытқыш, шағын толқынды пеш, қайнаған суымен термопод арнайы бөлінген бөлмеде (бөлме) орналасқан.
-
Теледидар (басқа пациенттердің тыныштығын сақтау мақсатында палаталарда емес) холлда орнатылған.
-
Бөлімше мүгедектер арбасы, жетек арба, таяқтарымен жабдықталған. Орталықта өзінің меншік арбасы пайдалануына тыйым саалынады.
-
Ауруханаға жатарда сырт киімдері мен артық заттарын үйіне қайтарып немесе арнайы сақтауға арналған бөлмеге тапсыруы тиіс.
-
Егер сіз қандай да бір дәрі қабылдап жүрсеңіз немесе сізде белгілі бір дәріге аллергиялық реакция бар болса, бұл туралы бейіндік бөлімшенің дәрігеріне және медбикеге хабарлаңыз.
-
Төсек жаймалары 10 күнде бір рет және кірленуіне қарай ауыстырылады.
-
Науқастарға күтім жасайтын туысқандары күні бойы сағат 19.00-ге дейін болады, төсек-орын және тамақ берілмейді.
-
Жеке гигиенаны сақтау және инфекциялық сақтау және сақтану үшін :
-
Тамақтану алдында
-
Дәретханаға барғаннан кейін
-
Палатаға кірер алдында қолыңызды жуыңыз.