Шығыс Қазақстан Облыстық
Оңалту Орталығы

Біз туралы

ШҚО әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы №312 қаулысына сәйкес Өскемен қаласында ересек тұрғындарға арналған Оңалту орталығы (одан әрі – Орталық) құрылды. Орталық ересектерге арналған диагностикалау, емдеу, қалпына келтіру медицинасы және медициналық оңалту міндеттерін шешетін заманауи, көпбейінді, мамандандырылған клиника болып табылады.

Орталықтың жұмысы аурулар бейіні есебімен оңалтудың арнайы курстары жүйесі бойынша ұйымдастырылған. Бұл пациенттердің кезең-кезеңімен қалпына келтіру емін алуына мүмкіндік береді.

Орталық тиімді оңалту көмегін беру үшін заманауи, халықаралық стандартқа сай жабдықтармен жабдықталған. Осының барлығы Орталыққа келген Сізге жайлылық береді.

БІЗДІҢ КӨЗДЕГЕНІМІЗ :

ЕЛІМІЗДЕГІ ОҢАЛТУ САЛАСЫНЫҢ ҰЗАҚМЕРЗІМДІ ЖӘНЕ ТЕҢГЕРІМДІ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕ ОТЫРЫП, КӨРНЕКТІ КӘСІПҚОЙЛЫҚТЫ, ОҢАЛТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ЗАМАНАУИ МҮМКІНДІКТЕРІН ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ ЖЕТІСТІКТЕРДІ ҮЙЛЕСТІРЕ ОТЫРЫП, ОҢАЛТУ МЕДИЦИНАСЫ САЛАСЫНДА ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ПЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТЫҢ ОРТАЛЫҒЫ БОЛУ.

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР НАУКАСТАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН АРТТЫРУ ҮШІН АРАЛАС ОҢАЛТУ ШАРАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЖАҒЫМДЫ ӘСЕР ЕТУ.