Бальнеотерапия (сумен емдеу)
СУАСТЫЛЫҚ ДУШ-МАССАЖ– сумен емдеу әдісінің бір түрі. Суастылық душ-массаждың әсері классикалық емдеу массажына дәлме дәл келеді. Алайда, душ-массаждан әсер көбірек болады себебі дене су астында жатқандықтан дене босансиды, сондықтан да массаждың әсері тиімді және ешқандай ауырсынусыз өтеді. Қысыммен келген су ағыны теріге тиген кезде ағзаға жан-жақты әсер етеді.
Суастылық душ-массаждың әсері:
- Лимфа ағынын және қан айналымын жақсартады;
- Зат алмасу процесін жандандырады,
- Жалпы иммунитет жұмысын жоғарылатады, әлдендіреді
- Ыстық су тамырлардың және қаңқалық бұлшықеттің тонусын көтереді, артериалық қан қысымына әсер етеді;
- Салқын су артериалды қысымды төмендетеді, терідегі тері иммунитетін жандандырады;
- Үйлесімді ыстық және суық душ эндокринді жүйенің жақсаруына және ішкі органдардың тамақтануына ықпал етеді;
- Салқын және жылы душ ауырсыну синдромының қарқынын және жалпы жүйке жүйесінің қозуын баяулатады.
Суастылық көлденеңінен созу - Омыртқаны су астында созу кезіндегі емдік әсер пациентке жалпы бұлау мен тракцияның үйлескен бір мезеттегі әсер етуімен беріледі. Омыртқаны су астында созу омыртқаның бел аумағына анағұрлым күшті әсер етеді. Бұған су аяқты созып жатумен байланысты омыртқаның бел аумағындағы лордоздың болмашы кішіреюі әсер етеді. Созудың әсерінен науқастардың көпшілігінде түбіршіктік ауырсынулар бірден тоқтайды.
Тракционды терапияға арналған көрсетімдер:
- омыртқаралық диск жарықтары, неврологиялық көрінісімен люмбалгия;
- омыртқадағы қимыл көлемінің шектелуі түріндегі статика-динамикалық бұзылыстарымен люмбоишиалгия;
- түбіршіктік компрессия;
- сколиоз,
- кифосколиоз,
- компрессиялық радикулопатиялар;
- Бехтерев ауруының бастапқы көріністері
- Бел лордозының жайпақтануы,
- формасы өзгерген спондилез
Тракцион терапиясына қарсы көрсетілім:
- айқын көрінген ауырсыну синдромымен аурудың жіті сатысы,
- секвестрленген диск жарығы,
- омыртқаның тұрақсыздығы,
- ми-жұлын қан айналымының бұзылуы,
- арқаның қозу синдромы (арахноидит, өңеш-жабыспа, эпидурит),
- созуға жеке, нашар төзімділік (ауырсынуды, күшеюі субъективті түрде байқалады),
- омыртқаның сынуы
- ламинэнтомиядан кейінгі күй
- остеопороз
- 60 жастан жоғары жас
КӨМІРҚЫШҚЫЛДЫ ВАННА - аталған ваннаға салынған науқастың терісіне екі фазалы орта су-газ әсер етеді. Газдың көбіршіктері терінің сыртынан ағып терінің төменгі порогты механорецепторларын әсер етеді.
Көмірқышқыл ванналары – қан қысымының төмендеуіне ықпал етеді, жүрек жұмысын тұрақтандырады қабынуға қарсы, метаболикалық, жаттықтырушы эффектісі бар.
Көмірқышқыл ванналарының көрсеткіштері:
- Жүрек-қан тамырлар жүйесінің аурулары (жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия ширығуы 1 және II ФК, гипертониялық I және II сатыдағы, инфарктан кейінгі (3-6ай), миокардиялық және атеросклероздық, атеросклероздың бастапқы формасы),
- Тыныс алу органдарының аурулары (өкпе эмфиземі, пневмосклероз, ремессия сатысындағы бронх демікпесі),
- Орталық жүйке жүйесінің функцоналды бұзылуы (неврастения, сексуалды невроз, вегетативті невроз, инсульттан кейінгі гемипарез),
- Әйелдің жыныс органдарының созылмалы қабыну аурулары (аднексит, сальпингоофорит, аналық бездің функционалды жеткіліксіздігі, климакс),
- Зат алмасудың бұзылуы (I және II сатылы май басу,ремессия сатысындағы құяң), қант диабетінің жеңіл формасы, нефросклероз.
Емдік душтар
ШАРКО ДУШЫ - бұл әсер ету аумағының төмендетілген, «соққы» түріндегі душ. Оның негізін қысым әсерінен көлденең бағытталған су ағыны құрайды. Душта екі су ағыны - ыстық және суық болады. Мұндай контраст керемет терапиялық әсер береді.
ЦИРКУЛЯРЛЫ ДУШ - (швейцариялық, шанышпалы) циркулярлы душтың әсері науқастың шаршағандығын, ашушаңдығын басады, ұйқысыздықтан құтқарады, ұйқысының сапасын жақсартады және эмоционалды жағдайын жақсартады.
БҰТАРАЛЫҚ ДУШ – жамбас жақ қан айналымын жақсартады.
Бальнеотерапияға қарсы жалпы көрсетілім:
- айқын көрінген ауырсыну синдромымен аурудың жіті сатысы,
- секвестрленген диск жарығы,
- омыртқаның тұрақсыздығы,
- ми-жұлын қан айналымының бұзылуы,
- арқаның қозу синдромы (арахноидит, өңеш-жабыспа, эпидурит),
- созуға жеке, нашар төзімділік (ауырсынуды, күшеюі субъективті түрде байқалады),
- омыртқаның сынуы
- ламинэнтомиядан кейінгі күй
- остеопороз
- 60 жастан жоғары жас