Бобат терапиясының шеберлік сыныбы
16-17 қыркүйекте біздің ЕДШ бойынша нұсқаушыларымыз Мұратов Саян және Саденов Ілияс Корей - Қазақстан оңалту медицинасы білім беру - зерттеу орталығының ( Алматы қ.) Бобат –терапия бойынша шеберлік сыныбына қатысты. Шеберлік сабағын Кореяның Йонг Ин университетінің физиотерапия кафедрасының PhD профессоры, Byong-Yong Hwang pt профессоры өткізді.
Біздің нұсқаушылар осы әдісті жұмыста қолдануға мүмкіндік беретін халықаралық Бобат терапия қауымдастығынан сертификаттар алды.
*** Бобат терапиясы-бұлшықет тонусын қалпына келтіретін және дұрыс моториканың дамуын ынталандыратын нейро-дамытушы ем. Бобат терапиясының түпкі мақсаты-дұрыс қозғалыс режимін қалыптастыру және күнделікті өмірде алған дағдыларды қолдану.