Шығыс Қазақстан Облыстық
Оңалту Орталығы

Электростимуляция

Электростимуляция – импульсивті тоқтармен әсер етіп емдеу әдісі. Электростимуляция  нерв және бұлшық ет тіндерінің қалпына келуіне ықпал етеді, импульстің нерв- бұлшықтық берілуін жақсартады. Процедураны жүргізу барысында  пациент  максималды жайлы жағдайға орналастырылады. Тоқтың күші пациенттің сезінуі бойынша қойылады, ол электростимуляция процедурасын мүлдем ауыртпайтындай  жайлы етеді.