Емдік дене шынықтыру (ЕДШ)
ЕДШ (емдік дене шынықтыру)- бұл емдеу- денсаулығын неғұрлым жылдам және толық қалпына келтіру мен аурудың асқынуын алдын алу мақсатында пайдаланылатын дене шынықтыру құралдарының әдісі. ЕДШ әдетте регламенттелген тәртіп аясында басқа да терапевтикалық құралдарымен бір үйлестікте пайдаланылады. ЕДШ емдік дене шынықтырудың қолданыстағы факторы тітіркендіргіш тұрақтандыру ретінде қолданылатын науқасты оңалту және емдеу мақсатында арнайы ұйымдастырылған физикалық жаттығулар яғни қозғалыс болып табылады.
Біздің оңалту орталығында ЕДШ келесі бағытта қолданылады:
- травмотологиялық (ашық және жабық сынықта,зақымданған тіндердің емін жеделдету үшін);
- ортопедиялық (буын аурулары, жалпақтабан т.б)
- неврологиялық (остеохондроз, диск жарығы, инсульт,иық жауырын периортроз, депрессиялық жағдай т.б )
- кардиологиялық (жүректің ишемиялық ауруы, гипертония,т.б) жүрек бұлшықетінің тамақтануын жақсарту және функцияларын нығайту;
(ЕДШ) — жүрек-қан тамырлар жүйесі, қимыл-тірек жүйесі аурулары кезінде, сколиоз және гипертензиялық синдром кезінде, жарақат алғаннан кейінгі барлық буындардың қимылын қалпына келтіру физикалық жаттығулардың түрлі амалдарын қолдану жүйесі.
Біздің орталықта емдік дене шынықтыру тек қана дәрігердің тағайындауымен және ЕДШ нұсқаушысының қадағалауымен жүргізіледі. Емдеу дене шынықтырудың әдісін және құралын таңдау үшін аурудың ерекшелігі және пациенттің жағдайы есепке алынады.
Бізге мынадай аурулары бар пациенттер жүгінеді:
- орталық перифириялық жүйке жүйесі ауруларымен (ми қан айналымының бұзылуы, жүйке жүйесінің демиелиниленген аурулары, шеткі невриттер мен невропатия,вегетативтік жағдай тб );
- тірек- қозғалыс аппарат аурулары (полиостеоартроз және т.б);
- травмалық емес омыртқа аурулары (дене мүсінінің зақымдануы, арқа омыртқаның қисаюы, остеохондроз, омыртқааралық диск жарығы және протрузия, грыжа т.б.
Сонымен қатар бізге пациенттер мынадай аурулардан кейін қалыпқа келу үшін жүгінеді:
- бас сүйек- ми зақымы,
- арқа жарақаты
- сүйек қаңқасының жарақаты,
- буынға хирургиялық ота жасағанда (артроскопиялық оталар, эндопротездау, остеосинтез)
- инфарктен кейін және жүрек қан тамырларына ота жасағаннан кейін,
- инсульттан және нейрохирургиялық отадан кейін.
Сонымен қатар бізге арықтау үшін, салмақты қалыпқа келтіру үшін немесе жалпы сауықтыру бағдарламасы қажет азаматтар жүгінеді.
Емдік дене шынықтыру залы механотерапияға арналған заманауи тренажерлармен жабдықталған: жүгіретін жолдар, велотренажерлар, гимнастикалық сақинамен швед қабырғасы, веломоттар тб. Кинезотерапия бойынша сабақ өткізу үшін залда әртүрлі модификациядағы вертикализаторлар, Бобат үстелі, коленоупорлар, стабилоплатформалар және т.б. қолданылады.
Эрготерапия кабинеті: Ұсақ моториканы қалыпқа келтіру және дамытуға арналған құралдармен ,тренажерлармен жабдықталған. Емдеу практикасын ойдағыдай енгізуде біздің орталықтың мамандарының тәжірибесі,әр пациенттің проблемаларын шешудің кешенді тәсілі, басқа бөлімшелермен тығыз ынтымақтастығы, емдік дене шынықтырумен оңалтудың заманауи әдістері зор ықпал етеді.
Механотерапия: бұл емдеу тәсілі арнайы құрылғыларда буындардың сылбыр жұмысын жақсартуға арналған емдеу терапиясының әдісі. Механикалық аппараттардағы жаттығулар қан және лимфа айналымын, бұлшық ет және буындардағы зат алмасуларды жақсартуға, олардың атқарымдарын қалпына келтіруге әсер етеді. Тірек-қозғалыс аппараты зақымданған кезде пассивті механотерапия негізгі емдеу әдісі болып табылады және буындар жұмысын жақсартуда қолданылады. Механотерапияны пациенттердің өздігінен оңай ауырсынуынсыз жасалады, себебі аялауыш сабақ тәртібі пациенттермен сабақтың қарқындылығын, құралдың жұмысын басқару пультімен реттеуге мүмкіндік береді. Механотерапия тірек-қозғалыс аппаратының жарақатынан туындаған буын қозғалысы шектеулі пациенттерге арналады.
Кинезотерапия: көмек көрсету кезінде ірі және майда буындар, омыртқа жотасы мен тірек-қимыл аппараты аурулары,остеохондроз, гонартроз, коксартроз, дене мүсінінің бұзылуы, арқа, буын аурулары, және т.б. аурулар ойдағыдай емделеді. Инфаркт, инсульт алған, бас-ми жарақаты бар сырқаттар үшін кинезотерапия ең үздік оңалту әдісі болып табылады.