Механотерапия
ЦИКЛДІК ЖАТТЫҒУ ҚҰРЫЛҒЫЛАР - (ВЕЛОТРЕНАЖЕРЛАР, ЖҮГІРЕТІН ЖОЛ). Аталған құрылғыда жүйелі түрде айналысу оңалту бағдарламасының маңызды компоненті болып табылады. Осы жаттығу құрылғыда айналысып пациент өзінің жүрек-қан тамыр жүйесін жаттықтырады, денеге түсетін ауырлыққа төзе алады төзімділік және жылдамдық сапасын жаттықтырады.
СТАБИЛОПЛАТФОРМА – күшті үйлесімді дамыту, тірек-қозғалыс аппаратын оңалтуға және физикалық форманы қалыпқа келтіру құралы. Үйлестіруді, концентрацияны және қозғалыс функцияларын жақсартады. Буындарды, арқа бұлшықеттерін нығайтады. Инсульттан кейінгі, полинейропатиядан кейін, жарақаттан т.б кейінгі науқастарға қажет.
МОТОРЛЫ ЖАТТЫҒУ ҚҰРАЛДАРЫ –«антиспазм» режимі бар құрылғы және аяқ-қол функцияларының қозғалысы шектеулі (бас-сүйек ми, ми жұлын жарақаттарынан кейін, жіті ми қан айналымының зақымдануында) пациенттерге арналған. Кешен аяқпен де қолмен де артқа және алға айналдыру мүмкіндігі бар педалді моторлы жаттығу құралдарын ұсынады. Құрылғы қолының қозғалыс функциясы нашар пациенттерге арнайы ұстағышы бар құралдармен жабдықталған.