Шығыс Қазақстан Облыстық
Оңалту Орталығы

МСҚ-ның «#Saqtandyrý» ақпараттық жүйесі сынақтан өткізілмек

МСҚ-ның «#Saqtandyrý» ақпараттық жүйесі сынақтан өткізілмек.


Қарағанды облысында іске қосылған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) пилоттық жобасы аясында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның төл жобасы - «Saqtandyrý» ақпараттық жүйесі сынақтан өткізілмек.

#МӘМС жағдайында медициналық көмекке жүгінгенде алдымен медициналық қызметті тұтынушының мәртебесін анықтап алу маңызды. Емхананың немесе аурухананың медициналық ақпараттық жүйесі «Saqtandyrý» АЖ-нен тұтынушының сақтандырылғаны немесе сақтандырылмағаны жайлы мәліметтерді сұратады. Соған қарай көмек кепілдендірілген тегін медициналық қызметтердің есебінен, я болмаса, кеңейтілген сақтандыру пакеті есебінен төленеді.

Пациент тек жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі тиіс. Әрі қарай медициналық ақпараттық жүйе барлық қажетті әрекеттерді өздігінен жүзеге асырады.

Қарағанды облысында 1,4 миллион тұрғынның ішінде 549 мың адам - ресми түрде жұмыс істейтіндер. Олар үшін жұмыс берушілер жарна төлейді. Бұдан бөлек, 2,5 адам бірыңғай жиынтық төлемін аударып отырады. Олар үшін жұмыс берушілер жарна төлейді. Бұдан бөлек, 2,5 адам бірыңғай жиынтық төлемін аударып отырады.

Пилоттық жобада олар жарнасын мемлекет төлеп беретін әлеуметтік қорғалмаған азаматтармен қатар сақтандырылған адамның мәртебесін алады және қосымша тексеруден өтіп, кеңейтілген оңалту көмегіне жүгіне алады. «#Saqtandyrý» ақпараттық жүйесі пилоттық режимде сынақтан өтіп, ақпараттық қауіпсіздік жағы тексерілгеннен кейін өндірістік пайдалануға берілетін болады.